Бұл туралы бүгін РФ Мемлекеттік Думасының ақпарат саясаты жөніндегі комитеті басшысының орынбасары Антон Горелкин Голландия баспасөзіндегі хабарламаларға сілтеме жасай отырып мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"WhatsApp ресейлік пайдаланушылар үшін қоғамдық арналарды ашпайды. Рас, әзірге ресми хабарлама болған жоқ және ақпарат бір голландиялық газет арқылы Meta-ның анонимді өкіліне сілтеме жасай отырып хабарланды", — деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Бұған дейін Мемлекеттік Дума және Федерация Кеңесінде WhatsApp-ты осы жаңа функциясы үшін бұғаттау ұсынылған еді
"Егер WhatsApp шынымен де орыс тіліндегі ақпараттық арналарды іске қосса, бұл мессенджерге деген көзқарасты қайта қарау керек болады, тіпті, оны бұғаттауға дейін барған жөн", — деп жазды Мемлекеттік Думаның ақпараттық саясат комитетінің басшысы Александр Хинштейн өзінің Telegram-арнасында.