WhatsApp-та фейк жұмыс орындары жарнамаланып жатыр

309

Бұқаралық ақпарат құралдары мұндай ұсыныстар алаяқтардың ісі деп хабарлады.

WhatsApp-та фейк жұмыс орындары жарнамаланып жатыр Фото: phonandroid.com

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтарға күніне 20 минут жұмыс істеп, 60 мың теңгеден артық табыс табу ұсынылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты stopfake порталына сілтеме жасап.

Хабарламада телефонмен сөйлесу қажет болады, ол үшін ерекше дағдылар қажет емес делінген. Мұндай ұсыныстарға неге сенуге болмайтынын түсіндіріп өтейік.

Мәтінде қызығушылық танытқандарға бос жұмыс орындары жазылған сілтеме берілген. Ол арқылы What’sApp мессенджеріндегі чат ашылады. Әңгімелесушінің аты Wilson and sons деп көрсетілген.

Әлемде осылай аталатын компаниялар көп. Желіде Wilson and sons деп аталатын құрылыс фирмалары, жиһаз компаниялары және басқа да кәсіпорындар табылды. Компаниялардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында олардың Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге кісі жалдайтыны туралы айтылмаған.

Сондай-ақ, Желіде WhatsApp арқылы ұсынылатын жұмыс орындары туралы мәлімет көп. Осы жылдың мамыр айында осындай хабарламалар ресейлік пайдаланушыларға жіберілген. Оларға да бірнеше сағаттың ішінде қомақты пайда табу ұсынылған.

Бұқаралық ақпарат құралдары мұндай ұсыныстар алаяқтардың ісі деп хабарлады. Адам бос жұмыс орнына қызығушылық танытса, белгілі бір ресурста тіркелуге тиіс. Ол үшін алаяқтарға қолжетімді арнайы нысандарға жеке деректерді енгізу қажет. Осылайша, олар жәбірленушінің шоттарындағы ақшаны иемденуге болатын жеке ақпаратты алады.

Нәтижесінде, адамдарда ақша табу мүмкіндігі болмайды және олар өз ақшаларынан айырылып қалуы ықтимал.

Демек, жұмыс туралы мұндай ұсыныстарға сену қауіпті. Көп жағдайда мұндай жарнамалар фейк және алаяқтық болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу