Енді қалта телефоныңыз ғаламторға қосылып тұрмаса да, хабарламаны жаза беруге болады. Ол сол күйі сақталып қалып, ғаламтор пайда болған кезде алушыға автоматты түрде кете береді. Хабарламаның кеткенін "құс қанаты" түріндегі белгішенің пайда болуынан байқауға болады. Егер ол әлі кетпеген болса, сағат түріндегі иконка шығып тұрады.
Мұнымен қоса, жіберілетін фото- және бейнефайлдарға қатысты жаңа функция да шықты. Осыған байланысты бір сәтте 30 сурет және сонша роликті жіберу мүмкін болып отыр. Үшінші бір жаңалық кіріктірілген файл сақтағышты интерфейстен "Баптаулар - (Настройки)" арқылы тауып, таяуда жаңартылған "Данные и Хранилище" бөлімінен сіз чатқа жіберген файлдар туралы толық ақпаратты білетін боласыз.
Жаңартылған нұсқаны iOS пен Android жүйелеріне арналған қосымшалар каталогтарынан жүктеп алуға болады, деп хабарлайды Informing.