Бұл функция жеке чаттарда, топтарда және арналардың жаңартуларында қолжетімді.
Аударма кезінде барлық хабарламалар тікелей сіздің құрылғыңызда өңделеді, WhatsApp оларға қол жеткізе алмайды.
Android пайдаланушылары чатта автoаударуды қосып, жаңа хабарламалардың бірден таңдалған тілде көрсетілуін қамтамасыз ете алады.
Android: ағылшын, испан, хинди, португал, орыс және араб. Ал Apple құрылғысында 19-дан астам тіл енгізілген.
"23 қыркүйектен бастап біз хабарламаларды аудару функциясын Android және iPhone пайдаланушыларына біртіндеп енгізуді бастаймыз. Қазіргі уақытта тек бірнеше тіл қолжетімді, бірақ болашақта олардың саны артады, – деп хабарлады компания.