WhatsApp енді тек өзіне тиесілі WhatsApp Pay төлем жүйесін іске қоспақ, деп хабарлайды КТК.
Мессенджер қолданушылары WhatsApp арқылы сатып алған тауарға, қызметтерге төлем жүргізе алады,
Компания Үндістанда сервисті iOS және Android қосымшаларында іске қосты. Әзірге ақша аударымдарын тек WhatsApp Pay әмияны арасында ғана жасауға болады.
Басылымның хабарлауынша, компания бұл шектеуді алып тастап, басқа сервистермен де төлем жүйесін іске қосуды көздеп отыр.
WhatsApp өкілдері Үндістандағы жетекші банктермен әріптестік келісім жасап жатыр. Содан соң WhatsApp қолданушыларына банк карталары арқылы төлем жүйесін реттеу мүмкін болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу