Whatsapp Үндістан үкіметін сотқа берді

659

Әзірге шағымның қашан қаралатыны жарияланбады. 

Whatsapp Үндістан үкіметін сотқа берді

WhatsApp қосымшасының өкілдері Үндістан үкіметін сотқа берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Арыз Делидің Жоғарғы сотына жіберілген. Бұған ресми Делидің цифрлық БАҚ-та ақпарат жеткізуді реттеуге бағытталған жаңа ережелерді қабылдауы түрткі болған. 

Мессенджер өкілдері жаңа ережелердің бір тармағы Үндістан Конституциясында бекітілген азаматтардың жеке өмір құқығына қайшы деп отыр. Жаңа нормаға сәйкес, үкіметтің талабы бойынша Whatsapp ақпаратты бірінші жіберген қылмыскер туралы деректі беруге тиіс.

WhatsApp өкіледерінің айтуынша, мұндай жағдайда хабарламалар шифрлау арқылы қорғалғандықтан, тек жіберуші ғана емес, сонымен қатар хабарламаны алушы туралы да мәлімет берілмек.

Әзірге шағымның қашан қаралатыны жарияланбады. WhatsApp та нақты осы арызға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу