WhatsApp Web-те "фондық синхрондау" опциясы пайда болды

426

Мессенджер қолданушылары бұған дейін ондағы ақпараттың серверге жазылуы үшін браузер бетін жаппай күтуге тура келетінін айтып, шағымданған болатын. 

WhatsApp Web-те "фондық синхрондау" опциясы пайда болды Фото: сайта iXBT

Енді хабарламаларды синхрондау фондық режимде жүретін болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Жаңа мүмкіндік браузер беті ашық тұрмаса да, хабарламаларды фондық режимде автоматты түрде сақтап, жаңартуға мүмкіндік береді, яғни пайдаланушыларға хабарламаларды жаңартып отыру үшін WhatsApp Web бетін үнемі ашық ұстаудың қажеті жоқ дегенді білдіреді.

"Фондық синхрондауды" енгізу WhatsApp Web-тің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. Пайдаланушылар өздерінің әңгімелері мен чаттарын енді өз қолымен жаңартып отырмайды, жүйе өзі фондық режимде бәрін сақтап отырады. Мұндай түзету, әсіресе, WhatsApp Web-ті жұмыс бабымен, басқа да себептермен күнделікті пайдаланатын қолданушыларға пайдалы болары сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу