WhatsApp желісінде көптен күткен функция іске қосылады

Қосымшада бейнежазбаларды жоғары сапада жіберу мүмкіндігі енгізіледі. 

WhatsApp желісінде көптен күткен функция іске қосылады Фото: google

Бұл туралы WABetaInfo мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жаңа функция iOS негізіндегі мессенджердің бета-нұсқасын пайдаланушыларна қазірдің өзінде қолжетімді.

Жаңашылдықты қолдану үшін сәйкес белгішені басу керек.

"Жаңа опция пайдаланушыларға бейнежазбаларды түпнұсқалық сапада бөлісуге мүмкіндік бермейді, бірақ ортақ бейнелердің сапасы күрт жақсарады деп сенімді түрде айта аламыз", – деп жазады бұл мүмкіндікті бета нұсқасында сынаған сарапшылары.

Бейнежазбаларды жоғары сапада жіберу функциясы “Статус” бөлімінде қолданылмайды.

WABetaInfo мамандары функцияны әзірлену үстінде екенін, жаңа опция қолданбаның болашақ жаңартуында іске асырылуы мүмкін екенін хабарлады.

Маусым айының басында WhatsApp жаңа жаһандық мүмкіндікті жариялады: мессенджерде WhatsApp Channels пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу