WhatsApp желісінде жіберілген хатты өшіруге болатын функция қосылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жаңа функция арқылы WhatsApp желісін пайдаланушы жіберілген хатты өшіре алады. Ол хат сіздің мессенджеріңізде ғана емес, хатты алушының да мессенджерінде өшіріледі. Алайда хатты жібергеннен кейін жеті минут ішінде өшіріп үлгеру керек.
Хатты жою үшін, өшіргіңіз келген диалогты таңдап, экранның жоғары жағындағы себет белгішесін басасыз. Кейіннен "хатты сіздің диалогыңыздан немесе хатты алушының диалогынан өшіру" терезесі пайда болады. Хат өшірілсе, "Бұл хат жойылды" деген жазба шығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу