WhatsApp жіберілген хабарламаларды түзеу функиясын іске қосады

466

WhatsApp түзетулерді хатты жібергеннен кейін 15 минутта ғана түзеуге болатынын ескертті.

WhatsApp жіберілген хабарламаларды түзеу функиясын іске қосады Фото: google.com

Мессенджер өз блогында "WhatsApp-та жіберілген хабарламаларды түзеу мүмкіндігі пайда болады" делінген, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Әріптерді тергенде кеткен қатені түзеу немесе жеткізілгеннен кейін хабарды қайта жазу үшін оны басып тұру керек. Сосын пайда болған мәзірден "Өңдеу" тармағын таңдайсыз.

"Сіздің әңгімелесушіңіз "Өзгертілді" белгісін көреді, бірақ түзету тарихын көре алмайды. Енгізілген өзгертулер, барлық жеке хабарлама, медиа және қоңырау сияқты, түпкілікті шифрлау арқылы қорғалған", - делінген хабарламада.

Компания жаңа мүмкіндіктің бүкіл әлемде енгізіле бастағанын және алдағы апталарда ол барлық пайдаланушыға қолжетімді болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу