Wildberries өз сайтының атауын "Ягодки" деп өзгертті, деп жазады inbusiness.kz РИА-Новостиге сілтеме жасап.
Ресей Федерациясының Индустрия және сауда министрлігінің басшысы Денис Мантуров маусым айында "Ресей бөлшек сауда апталығы 2022" форумында сөйлеген сөзінде Ресей нарығында шетелдік атаулары бар көптеген компаниялар бар екендігіне тоқталған. Сондай-ақ мұндай атауларды аудитория жинау мақсатында ел аумағындағы брендтердің таңдайтынын да айтқан болатын. Пікірталасқа қатысушылардың бірі Wildberries-тің Бас директоры Татьяна Бакальчукқа оның компаниясының атауы ағылшын тілінде екенін атап өткен.
Бакальчук компания атауын ребрендинг жасау арқылы ауыстыру мүмкіндігі туралы айтқан.
Айта кету керек, Wildberries 2021 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 844 миллиард рубль болатын онлайн-ритейлер. Осы жылдың басындағы деректерге сәйкес, бұл маркетплейске 500 мыңнан астам кәсіпкерлер мен компаниялар тіркелген.