Бұл туралы "Курсив" ресейлік маркетплейст ресми өкілдері мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.
"Техникалық қате түзетіліп, айыппұлдар күшін жояды. 2023 жылдың 20 наурызында іске асыру есептерінде бұл көрсетіледі", – делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, компания сатушыларды қолдау қызметін күшейтуге, олардың сауда алаңымен жұмыс істеу шарттары туралы сұрақтарына жауап беруге және сенім телефондарын жүргізуге уәде береді.
Wildberries ақпан айының соңынан бастап Қазақстан астанасында бірнеше жүз сатушыға айтарлықтай айыппұл салынды. Оған тапсырыстарды өңдеу жүйесіндегі техникалық қателік себеп болған, яғни жүйе Астана қоймасын емес, жұмыс істемейтін Нұр-сұлтан қаласының қоймасын автоматты түрде таңдап отырған. Нәтижесінде сату туралы есептерде сатушы тауарды "басқа қоймаға" жөнелткені көрсетілген.
Wildberries қазақстандық серіктестерінің айтуынша, маркетплейст бұрын-соңды болмаған тыйым салынған тауарларды сатқаны үшін, тауарларын жоғалтты деп негізсіз айыппұл салып, Ресейдің, Армения мен Беларусьтің бірқатар аймақтарындағы сатып алушыларға Қазақстаннан тауарларды көрсетпейтініне шағымданған. Сондай-ақ, қазақстандық сатушылар Компания басшылығының диалог жүргізуге құлықсыздығын айтады.
Компанияның негізсіз айыппұлына Ресейлік сатушылар да наразы болып, ереуіл салдарынан 15 наурызда Wildberries компаниясының барлық ресейлік пункттері жабылғанын еске саламыз.