Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Санкт-Петербургте болған Wildberries қоймасындағы өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сатып алушыларымыз, тауардың қандай көлемі зардап шеккені туралы нақты мәлімет жоқ. Себебі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек санау әрі тексеру шаралары да жүріп жатыр. Жеткізу мүмкіндігіне келетін болсақ, көлік паркінің зардап шекпегені өздеріңізге мәлім. Тауарларды жеткізу жүргізіліп жатыр. Тауарларымызды сақтау әрі өңдеу пункттерінің басым бөлігі орталық Ресейде екенін айту керек. Процесс қалыпты режимде жүріп жатыр. Әзірге мұндай өтініштер түскен жоқ", - деп жауап берді ведомство басшысы.
Арман Шаққалиев тергеу нәтижелерін күту қажеттігін жеткізді.