Wildberries компаниясы Шушарыдағы өртенген қойманың 16 қызметкерін іздеуді жалғастыруда

Өрт 70 мың шаршы метр аумақты шарпыған және 14 қаңтар күні ғана сөндірілді. 

Wildberries компаниясы Шушарыдағы өртенген қойманың 16 қызметкерін іздеуді жалғастыруда Фото: Ресей Төтенше жағдай министрлігі

Ресейлік Wildberries маркетплейсі 13 қаңтардағы өрт кезінде Санкт-Петербург қоймасында болған тағы 33 қызметкермен байланыс орната алды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Москва 24 ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ өкілдері компания өртенген қойманың 80 қызметкерімен байланыс орната алмағанын жазды. Кейін өрттен кейінгі орналасқан жері белгісіз қызметкерлер саны 49-ға дейін азайғаны белгілі болды.

"Қазір біз 16 адамның орналасқан жерін анықтап жатырмыз", - делінген компанияның Telegram-дағы жаңартылған хабарламасында.

Бұған дейін, компания 54 қызметкермен байланыса алмайтынын хабарлаған. Олар кейбір қызметкерлердің жеке заттарын, соның ішінде ұялы телефондарын қоймадан тез әрі қауіпсіз шығу үшін қалдырғанын түсіндірді.

Өрт 70 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға салдарынан орталық қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ және олар жанып жатқан нысаннан эвакуацияланып үлгерді.

Айта кетейік, 14 қаңтар күні түстен кейін ғана қоймадағы ашық өрт сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу