Wildberries маркетплейсіне шағым көбейді. Министр жауабы

354

600-ден астам шағымды қарастырдық.

Wildberries маркетплейсіне шағым көбейді. Министр жауабы Фото: eec.eaeunion.org

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Wildberries маркетплейсіне шағымның көбейгенін растады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында тілшілер министрге Wildberries интернет-дүкені еліміздегі "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңды сақтамайтындығын айтқан еді.

"Статистикалық деректерге сәйкес, егер 2022 жылдың 9 айында шамамен 1 500 шағым болса, осы жылдың дәл сондай кезеңінде олардың саны 4 есеге артып, шамамен 6 500-ге жетті. Мысалға Wildberries жайлы айтар болсақ, біз бұл мәселені пысықтап жатырмыз. 600-ден астам шағымды қарастырдық", - деді ол.

Осы ретте министр маркетплейс ішкі сауда субъектісі саналатындығына назар аудартты.

"Заңға сәйкес, ішкі нарық субъектісі – бұл электронды арна немесе стационарлық сауда нысаны болғанына қарамастан ішкі нарықта тауар сату қызметін жүзеге асыратын заңды, жеке тұлғалар. Сарапшылардың жағдайды толыққанды реттеу үшін "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға енгізілетін өзгерістер аясында интернет-ресурстарды сауда нысандарына теңестіру қажеттігі туралы пікірі басқа мәселе. Біз бұл ұсынысты талқылап жатырмыз",- деді Арман Шаққалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу