Wildberries негізін қалаушы Татьяна Бакальчук күйеуінің фамилиясынан бас тартты

316

Ажырасу талабы бойынша алдын ала отырыс 16 қазанға белгіленді. 

Wildberries негізін қалаушы Татьяна Бакальчук күйеуінің фамилиясынан бас тартты Фото: Ведомости

Wildberries онлайн-дүкеннің негізін қалаушы, Ресейдегі ең бай кәсіпкер Татьяна Бакальчук өзінің тегін Ким деп өзгертті. Бұл туралы оның жеке Telegram-арнасында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Ең жақсы таңдау – өзіңе адал болу. Сіздің Татьяна (бүгіннен бастап-қайтадан) Ким", - деп жазды ол.

Wildberries және Russ бірлескен компаниясының баспасөз қызметі фамилияны өзгертудің ресми процедурасы басталғанын растады.

Татьяна 30 шілдеде Владислав Бакальчукпен ажырасу туралы сотқа шағым түсірді. Талап бойынша алдын ала отырыс 16 қазанға белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу