Crowdstrike компаниясы Windows амалдық жүйесін басқаратын 8,5 миллион құрылғының жаһандық апатқа ұшыраған "айтарлықтай бөлігі" "қайтадан жұмыс істеп тұрғанын" айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Клиенттермен бірге біз зардап шеккен жүйелерді қалпына келтіруді жеделдету мақсатында жаңа әдістемені сынап көрдік. Қазір біз осы әдісті енгізу процесінде тұрмыз. Минут сайын оң нәтижеге қол жеткізіп жатырмыз", – делінген Crowdstrike-тің 21 шілде, жексенбіде әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында.
Антивирустық компания тағы да "уақытша кедергілер үшін" кешірім сұрады және оның мақсаты "барлық жүйелерді мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру" екенін айтты.
Жұма күні таңертең Windows негізіндегі техниканың істен шығуына байланысты бүкіл әлем бойынша тасымалдаушылар, банктер мен авиакомпаниялар зардап шеккенін еске саламыз. АҚШ-тың CrowdStrike компаниясы мәселе Falcon Sensor киберқауіпсіздік қолданбасы үшін жаңарту жүргізілгеннен туындағанын хабарлады. Windows жүйесінің жаппай істен шығуы Microsoft акциясын 3 пайызға арзандатты.