Windows жүйесінің жаппай істен шығуы Microsoft акциясын 3 пайызға арзандатты

233

Microsoft компания тарихында бүгін бірінші рет бүкіл әлемде Windows-тың жаппай істен шығуы тіркелгенін айтады. 

Windows жүйесінің жаппай істен шығуы Microsoft акциясын 3 пайызға арзандатты Фото: coincodex.com

Бұл туралы компанияның Австралиядағы аймақтық директоры Трой Хант өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жұма күні таңертең Windows негізіндегі техниканың істен шығуына байланысты бүкіл әлем бойынша тасымалдаушылар, банктер мен авиакомпаниялар зардап шекті. АҚШ-тың CrowdStrike компаниясы мәселе Falcon Sensor киберқауіпсіздік қолданбасы үшін жаңарту жүргізілгеннен туындағанын хабарлады.

"Дүние жүзіндегі апат Microsoft тұтынушыларына шешімдер жеткізетін үшінші тарап провайдері CrowdStrike-тің қауіпсіздік жүйесін жаңартуымен байланысты болды. Жазылым моделі бойынша клиенттер жеткілікті. Бүгінгі жағдай IT әлемінің сыртқы күштерге әлсіздігін көрсетеді. Біз салыстырмалы түрде шағын компанияның кесірінен үлкен апатқа ұшырадық. Оның өткен жылғы кірісі $3 млрд және ешқандай пайда көрген жоқ. Осыдан кейін компания өз жұмысын тоқтатады деп ойлаймын", – Mobile Research Group жетекші талдаушысы Эльдар Муртазин. 

Crowdstrike басшысы кейінірек жаһандық IT апатына әкелген мәселе анықталғанын айтты. Ақаулықтарды жою процесі басталды. Алайда, бұл процесс қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.

Сонымен қатар Microsoft корпорациясы ақауды жою жұмыстары жалғасуда деп сендіріп, жағдайды біртіндеп тұрақтандырып жатқандарын хабарлады.

Әзірге Microsoft немесе Crowdstrike өкілдері келтірілген шығынға қатысты ресми ақпарат берген жоқ. Алайда, Windows-тың акциялары шамамен 3%-ға арзандады. Crowdstrike акциялары әлдеқайда төмендеді – бірден 14%-ға. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу