Wizz Air Abu Dhabi Астана мен Абу-Даби арасындағы рейстерді уақытша тоқтатты

138

Астана халықаралық әуежайының мәліметінше, осы бағыттағы соңғы рейс 2025 жылғы 19 маусымда орындалған.  

Wizz Air Abu Dhabi Астана мен Абу-Даби арасындағы рейстерді уақытша тоқтатты Фото: wikimedia.org

Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы Таяу Шығыстағы қазіргі саяси жағдайға байланысты Астана (NQZ әуежайы) мен Абу-Даби (AUH әуежайы) арасындағы рейстерді уақытша тоқтататыны туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ұшақ NQZ әуежайынан жергілікті уақыт бойынша сағат 15:45–те ұшып шыққан.

– Абу-Дабиден Астанаға қайту рейсін жоспарлаған жолаушыларға компания балама бағыт ретінде Алматы арқылы ұшуды ұсынады. Егер бұл нұсқа жолаушыға сай келмесе, билет құнын толық қайтару мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін Wizz Air-дің call-орталығына хабарласу қажет, –  делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу