Бүкіләлемдік каратэ федерациясы (WKF) Мәскеудегі Karate1 Премьер-лига кезеңінің өтпейтінін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Халықаралық ұйым әлемдегі жағдайды ескере отырып, жарысты өткізбеу туралы шешім қабылдаған.
"Спортшылардың және жарыстың басқа қатысушыларының денсаулығы мен әл-ауқаты – біздің бірінші кезектегі міндетіміз болғандықтан, ұйымдастырушылармен және жергілікті билік органдарымен кездесулерден кейін бұл жарысты тоқтату туралы шешім қабылданды. Пандемия ушыға береді және мұндай жағдайда ұйымдастырушы тарап бар күш-жігерін салғанымен, қатысушылардың қауіпсіздіктеріне кепілдік бере алмайды", – деп жазылған WKF таратқан ресми хабарламада.
Айта кетерлігі, аталған кезең Рабат пен Мадридте де өтпейтін болған.