World Atletics қазіргі жағдайда жарыс ұйымдастыруға арналған негізгі кеңестерімен бөлісті

573

Дүниежүзілік жеңіл атлетика басшылығы бұл нұсқаулықты ғылым және денсаулық сақтау департаментімен бірлесе  әзірленген.  

World Atletics қазіргі жағдайда жарыс ұйымдастыруға арналған негізгі кеңестерімен бөлісті

World Atletics жарыс ұйымдастырушыларына ашық стадионда өтетін іс-шаралар кезінде коронавирустың таралу қаупін азайтуға көмектесетін денсаулық пен қауіпсіздік бойынша бірқатар нұсқаулықтармен бөлісті, деп хабарлайды olympic.kz сайты

Нұсқаулық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Covid-19 вирусын зерттеуіне негізделген.

Жаңа құжатта кәсіби спортшыларға, қосалқы персоналға, техникалық қызметкерлерге, еріктілерге, медициналық қызметкерлер мен БАҚ-қа ұсыныстар берілген. Онда көрермендер үшін ережелер болмаса да, ДДҰ көпшілік жиналыстардың қауіп-қатерлерін бағалауға арналған құжат пен құрал дайындады. Жарыс ұйымдастырушыларға барлық аккредитацияланған қатысушылар үшін тәуекелді төрт баллдық бағалауды жүргізу ұсынылады. Егер адам екі немесе одан жоғары балл жинаса, шараға дейін медициналық тексерістен өту ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу