2023 жылғы 4 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен "World Business Consulting" қаржы пирамида басшылары сотталды, деп жазады inbusiness.kz.
Астана қалалық соты хабарлауынша, сот М., К. мен Н. 2018-2022 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында "World Business Consulting" қаржы пирамидасын құрып, басқарғанын анықтады. Олар жалпы сомасы 757 млн. теңгеден астам аса ірі мөлшерде азаматтардан пайда көрген.
Іс бойынша Қазақстанның түрлі қалаларының 83 тұрғыны жәбірленуші деп танылды.
Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, куәгерлермен, аудиторлық есеп жасасумен, шарттармен және жәбірленушілердің Қаржы пирамидасына ақша салғанын растайтын басқа да құжаттармен дәлелденді.
ҚК-нің 217-бабының 3-тармағының 2) тармақшасының санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Сот үкімімен М., К. және Н. қаржы пирамидасын құрғаны және басшылық еткені үшін кінәлі деп танылды (ҚК 217-бабы 3-бабы 2).
М. және К. 6 жыл 8 айға сотталды, ал Н.5 жылға бас бостандығынан және қаржы саласында басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.