"World Business Consulting" қаржы пирамидасының директоры ұсталды

851

Қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша "World Business Consulting" компаниясына қатысты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.   

"World Business Consulting" қаржы пирамидасының директоры ұсталды

"World Business Consulting" компаниясы өзіне сенген азаматтардың жарналарын қабылдап, 2018 жылдан 2022 жылға дейін тұрақты сыйақы алуға уәде берген. Шын мәнінде, компанияда заңды кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табыс болмаған, ал қатысушылардың сыйақысы кейінгі салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілген.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен "World Business Consulting" компаниясының директоры Жүгінбаева Жеміс ұсталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталған қаржы пирамидасының қызметін агенттік былтыр Алматы қаласында тоқтатқан болатын.

Осы қаржы пирамидасынан зардап шеккендер Маңғыстау облысы бойынша ҚМА департаментінің телефон нөмірлеріне хабарласуына болады: 8 (7292) 40 36 59 немесе 8-706-419-76-79.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу