"World Money" қаржы пирамидасының өкілдеріне қатысты тергеу жүріп жатыр

446

Компанияға 130 адам тартылған

"World Money" қаржы пирамидасының өкілдеріне қатысты тергеу жүріп жатыр Фото: Halyq Uni

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "World Money" компаниясының өкілдеріне қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Компанияның міндетті шарттарының бірі 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды, соның ішінде WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы тарту болды.

2023 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде қаржы пирамидасына 130 адам тартылған.

Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

"Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. 

Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз", делінген агенттік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу