Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы "пумсені" дамыту мақсатында жаңа қосымша іске қосылғанын мәлімдеді.
World Taekwondo AR Textbook қосымшасы пумсе жанкүйерлеріне үйде отырып-ақ, спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.
"Коронавирус індеті бүкіл әлемге тарап, барлық спорттық жарыстар тоқтатылған кезде бұл оқулық көпшілікке таптырмас құрал болары анық. Сондай-ақ бұл таеквондоның ел ішіндегі беделі мен танымалдығын арттыруға көмектеседі", - дейді World Taekwondo президенті Чо Чжонвон.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу