Алматыда қала колледждерінің 21 алаңында WorldSkills Almaty – 2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Байқау 14 сәуірге дейін жалғасады. Іс-шара "Сапалы білім беру "Білімді ұлт" ұлттық жобасын іске асыру аясында "WorldSkills International" құзыреті бойынша "WorldSkills Kazakhstan" Ұлттық қозғалысын қолдау және жұмыс кәсіптерін таныту мақсатында өткізіледі.
Чемпионаттың мақсаты-жұмысшы мамандығының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту.
Байқауға 53 құзыреттілік бойынша 380-ден астам колледж студенттері қатысады Олардың ішінде: графикалық дизайн, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, сантехника және жылыту, кескіндеме және сәндік жұмыстар, бизнеске арналған IT-шешімдер, CNC станоктарында токарлық жұмыстар, CAD инженерлік графикасы, прототиптеу, сонымен қатар тоңазытқыш және желдету техникасына қызмет көрсету, жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету және т. б.
Чемпионаттың бір ерекшелігі – DeafSkills және Абилимпикс бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау. DeafSkills және Абилимпикс құзыреттері бойынша чемпионат аясында 6 құзырет бойынша 25-тен астам адам қатысады.
500-ден астам тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары мен жұмыс берушілер сарапшылар ретінде қатысады.
Өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың маусым айында өтетін WorldSkills Kazakhstan — 2023 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысады. Халықаралық чемпионат 2023 жылдың қыркүйегінде Польшада өтеді.