3-7 желтоқсан аралығында WorldSkills Қазақстан төртінші республикалық ұлттық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды 24.kz.
Биыл байқауға 30 жұмысшы мамандағы бойынша 350-ге жуық үміткер қатысады. Олардың жұмысын 400-ден аса сарапшы бағалайтын болады. Ал, жеңімпаздар келер жылы Қазан қаласында өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алады.
Айта кетейік, жоба жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мақсатында 2015 жылдан бері өткізіліп келеді.
"Әлемдік чемпионат 2 жылда бір рет өтеді. 2017 жылы біз Абу-Дабиде қатыстық. Енді келесі чемпионат Қазанда, Ресейде болады. Ұлттық команда бойынша толық ақпарат осы Қазақстандағы ұлттық чемпионаттың нәтижесінде белгілі болады", - дейді "Кәсіпқор" холдингі басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ермек Күзенбаев.