WSB боскшылары Astana Arlans-ты сотқа берді

949

WSB боскшылары Astana Arlans-ты сотқа берді

Астана қаласының Есіл аудандық соты "Астана" президенттік клубы құрамына енетін Astana Arlans кәсіби бокс клубына қатысты істі қарап жатыр, деп хабарлайды  Sports.kz.

Шағымда айтылғандай, бүкіләлемдік WSB бокс сериясының бесінші маусымындағы жеңісі үшін Astana Arlans-қа AIBA-дан 400 мың доллар көлемінде сыйақы аударылған, алайда  ол қаражат жаттықтырушы мен боксшыларға жетпеген. Мәселені мәдениетті түрде шешу әрекетінен ештеңе шықпаған соң чемпиондар сотқа арызданған, деп жазады басылым.

Іс бойынша 24 адам арызданып отыр, олардың қатарында Ерік Әлжанов, Самат Башенов, Бейбіт Есжанов, Мардан Берікбаев, Жомарт Ержан, Мұхамеджан Еркін, Қайрат Ерәлиев, Мирас Жақыпов, Нұрдәулет Жарманов, Ержан Мұсафиров, Зәкір Сафиуллин мен Мейірболат Тоитов бар.

Сыйақыдан бөлек, Astana Arlans-тан арызданушының әрқайсысына 200000 теңгеден моральдық шығынды өтеу талап етіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу