WSJ: ресейлік тыңшылар Бразилияның паспортын қолданып жүр

429

Еуропада Ресей тыңшыларының Бразилия төлқұжаттарын пайдалану әрекеттерінің бірнеше жағдайы тіркелді. Бұл жаппай құбылыс болуы әбден мүмкін.

WSJ: ресейлік тыңшылар Бразилияның паспортын қолданып жүр Фото: РБК-Украина

Бразилия билігі олардың елі орыс тыңшылары үшін өткізу пунктіне айналды деп алаңдайды. Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Басылымның хабарлауынша, Бразилия билігі әлемнің түкпір-түкпірінде бразилиялық төлқұжаттармен жүрген ресейлік тыңшылар бар екеніне сенімді. Батыс елдерінде Бразилиялық құжаттармен ұсталған ресейліктер көбейгеннен кейін тергеу басталды. Атап айтқанда, 2022 жылдың күзінде Бразилиядан Норвегияға келген ғалым жергілікті университетте тағылымдамадан өтуі керек болған, алайда Норвегия полициясының мәліметі бойынша, ол бразилиялық ғалым емес, ресейлік барлаушы болып шықты.

Тағы бір белгілі жағдай - Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа Ресей азаматы Сергей Черкасов болып шыққан бразилиялық студент Виктор Мюллер Феррейраның жұмысқа орналасуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу