WTA "Ай жаңалығы" номинациясы бойынша жеңімпазды анықтады

754

Дауыс беру қорытындысымен үшінші орынға Юлия Путинцева жайғасты. 

WTA "Ай жаңалығы" номинациясы бойынша жеңімпазды анықтады

Мамыр айында "Ай жаңалығы" номинациясын чехиялық теннисші Маркет Вондроушова жеңіп алды, деп хабарлайды olympic.kz.

Екінші орын Мадридте (Испания) өткен турнирдің жеңімпазы Нидерланды спортшысы Кики Бертенске бұйырды. Бір қызығы, дауыс беру бойынша голландтық қыз айдың үздік теннисшісі атанғанымен, алайда "Ай жаңалығы" номинациясын ала алмады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша үшінші орынға Юлия Путинцева жайғасты. Мамыр айында Юлия өзінің алғашқы олжасын жеңіп алды. Ол Нюрнбергтегі (Германия) турнирді бағындырған болатын.

Төртінші орынды Страсбургтегі турнирдің жартылай финалына дейін барған француз қызы Хлоэ Паке жеңіп алды.

Вондроушова болса, мамыр айында бірде-бір турнирді жеңген емес. Оның ең үздік жетістігі – Римдегі (Италия) "Премьердің" ширек финалы. Жанкүйерлердің чехиялық теннисшіні таңдауына себеп – оның "Ролан Гарроста" сәтті өнер көрсетуі. Ол Францияның ашық чемпионатының жартылай финалына шықты. Онда ұлыбританиялық Йоханна Контамен кездесетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу