Қазақстандық теннисшілердің барлығы дерлік рейтингтегі орнын өзгертті. Тек қана Елена Рыбакина 22-сатыны сақтап қалды. Юлия Путинцева бір орынға төмендеп, 35-орыннан көрінсе, Зарина Дияс 93-орынға көтерілді. Ярослава Шведова ұзақ үзілістен соң қайтадан рейтингілік ұпай жинай бастады. Ол 433 орынға жоғарылаған.
Ал алғашқы үштік төмендегідей: 1. Эшли Барти (Австралия) 2. Наоми Осака (Жапония) 3. Симона Халеп (Румыния)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу