Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева тұңғыш рет Әйелдер арасындағы Халықаралық теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінің ТОП-30-на енді, деп хабарлайды vesti.kz.
Өткен аптада 22 жасар Путинцева St. Petersburg Ladies Trophy турнирінің финалына дейін жетіп, ақтық ойында Франция елінің өкілі Кристина Младеновичке жол берді. Оның бұл нәтижесі әлемдік рейтингте 7 сатыға ілгерілеп, 27-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Айта кетейік, теннисші үшін 27-орын (бұған дейін 31-орында болған) мансабындағы үлкен жетістік. Ал Санкт-Петербургтегі финал оның WTA сериясындағы турнирлердің алғашқысы болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу