WTI фьючерсі 1 аптада 4,7%-ға өсім көрсетті

765

Осы аптада мұнай бағасы айтарлықтай өсім көрсетіп, тұрақтала бастады. Оған ОПЕК + ұйымының мұнай өндірісін шектеуі жағымды әсер етті.

 WTI фьючерсі 1 аптада 4,7%-ға өсім көрсетті

Бір апта ішінде 5 пайызға жуық өсім көрсеткен америкалық шикізат бағасы бүгін 0,8 пайызға арзандады, деп хабарлады Atameken Business.

Оған Құрама Штаттарда вирустың өрши түсуі және сарапшылар жасаған жағымсыз болжам әсер етті. Олар жыл соңына дейін қара алтынның баррелі 40 доллардан аспайды деп отыр.

Осы аптада мұнай бағасы айтарлықтай өсім көрсетіп, тұрақтала бастады. Оған ОПЕК + ұйымының мұнай өндірісін шектеуі жағымды әсер етті. Мәселен, ірі экспорттаушылардың бірі Ресей екінші ай қатарынан келісім талаптарын толық орындады. Осы елдің Энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, коалиция шілденің 15-інде кездесу өткізуге тиіс. Сол кезде өндірісті тамыз айында тәулігіне 9,6 млн баррельге дейін шектеу мәселесі қарастырылатын болады.

Бүгін Нью-Йорк биржасында WTI фьючерсі 40 долларға дейін түсті. Дегенмен азиялық сауда алаңдарында оның баррелі бір аптада 5 пайызға дейін өсім көрсеткен. Қазір Brent баррелі 42 доллар 90 центке саудаланып жатыр.

Бүгінде АҚШ-тағы еңбек нарығының көрсеткіштері жақсарып келеді. Оның үстіне мұнай қоры азайды. ОПЕК-ке мүше елдер де өндіріс көлемін 1991 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке дейін кеміді.

Дегенмен, қазір АҚШ-та вирус өршіп барады. Бұл өз кезегінде мұнай және мұнай өнімдеріне сұраныс көбеймейді деген сөз.

Baker Hughes мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-тағы өндірісті шектеу жұмыстары жалғасын табуға тиіс. Себебі 16 апта қатарынан көрсеткіш өскен жоқ. Бұл 2009 жылдан бергі ең шекті деңгей. Салдарынан Exxon Mobil корпорациясы 2 тоқсан қатарынан қисапсыз шығынға ұшыраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу