Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен сейсенбі күнгі 8:15-тегі бағасы $0,15 (0,29%) қысқарып, барреліне 51,72 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері (NYMEX)  $0,12 (0,25%) түсіп, барреліне 47,71 долларды құрады. 
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        