Xerox Ресей нарығында жұмыс істеу үшін атауын өзгертті

463

Дегенмен компания қызметі сервистік қолдаумен ғана шектеледі, Ресейге баспа және сандық көшірме құрылғыларын жеткізілмейді.

Xerox Ресей нарығында жұмыс істеу үшін атауын өзгертті Фото: kips.ru

Ресейдегі Xerox заңды тұлғасы - "Ксерокс" ЖШС-атауын "Техноэволаб" деп өзгертті.

Бұл туралы "Ведомости" басылымының деректеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

БМЗТР картотекасының мәліметінше, "Ксерокс (ТМД)" атауы 20 қазанда "Техноэволаб" болып өзгерді. Дегенмен компания Ресейге баспа және сандық көшірме құрылғыларын жеткізбеу жайлы шешімін өзгерткен жоқ. Заңды тұлға барлық жұмыс орындарын сақтай отырып, техникаға сервистік қызмет көрсетумен ғана айналысады.

Xerox корпорациясы бұған дейін Ресейден түпкілікті кетуді, сондай-ақ елдің аумағындағы бөлімшені жергілікті басшылыққа сатуды растады. "Ксерокс" ЖШС-ның бас кеңсемен байланысы болмас үшін атауын өзгертуге мәжбүр болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу