XV Еуразия Медиа Форумына Матео Ренци мен Роджер Фиск қатысатынын растады

930

XV Еуразия Медиа Форумына Матео Ренци мен Роджер Фиск қатысатынын растады

Биыл 22-24 мамыр күндері XV Еуразиялық Медиа Форум өтеді. Жиын Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде болады, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Іс-шара жыл сайын әлемнің алпыстан астам мемлекетінен халықаралық және қазақстандық БАҚ өкілдерін, саясаткерлер мен сарапшыларды бір алаңға жинап келеді.

Осы жолғы Форумның хэдлайнерлері ретінде Италияның экс премьер-министрі Матео Ренци мен Барак Обаманың коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Роджер Фиск қатысатынын растады. 

"Эволюцияның 15 жылы: әлем қалай өзгереді және бізді қалай өзгертеді" тақырыбындағы Форумның "Халықаралық қарым-қатынастар эволюциясы" сессиясында Италияның экс премьер-министрі Матео Ренци басты спикер болады. Сессия модераторы – ТАСС бас директоры Михаил Гусман.

Барак Обаманың коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Роджер Фиск "Ақпараттық технологиялар эволюциясы: нақты деректен фейк жаңалықтарға. Алаңдауымыз қажет пе?" сессиясының басты спикері болып табылады.

Сонымен қатар, Форум қонақтарын қызықты пікірталас алаңы,  маңызды тақырыптар, мазмұнды әңгіме, спикерлердің танымал шоғыры күтеді.

Еуразия медиа форумы 3 күн өтеді. Жиында 7 пленарлық сессия болады. Сондай-ақ, әлемдік сарапшылар шеберлік дәрісіне бір күн арнайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу