XV Еуразиялық медиа форумға 60 мемлекеттің өкілі келеді

946

XV Еуразиялық медиа форумға 60 мемлекеттің өкілі келеді

22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде өтетін XV Еуразиялық медиа форумына 60-тан астам мемлекеттен 800 адам қатысатын болды, деп хабарлайды silteme.kz.

Айта кету керек, форум жұмысын ақпараттандыруға отандық бұқаралық ақпарат құралдарынан 200-дей журналист, 100-ден аса шетелдік журналистер тіркелген.

Көпшіліктің қызығушылығын тудырған авторлық шеберлік сабақтарына 500-ден көп адам қатысуға ниет білдіріп отыр. 

Еуразия медиа форумында 7 авторлық шеберлік сабағы ұйымдастырылып отыр. Олар фейк жаңалықтар, блогсфера, конвергенттік журналистика, ғарыш саласын, қарулы қақтығыстарды ақпараттандыру және тағы да басқа қоғамның бүгінгі өзекті мәселелеріне арналған.

"Еуразиялық медиа форумның биылғы контенті дәстүрлі түрде заманауи өзекті бірқатар мәселелерді талқылайтын болады. Олардың қатарында, ақпараттық технологиялардың қарқынды өсуі, тұрақты дамудың бірден-бір шарты ретінде "жасыл экономика" тұжырымдамасы, тағы басқа көптеген мәселелер көтеріледі. Бұл ретте, мерейтойлық форумның халықаралық аренада еліміздің беделін арттыруға қосқан үлесінің орасан екендігін көрсете алатындығымызға сенімім мол", - деп атап өтті Еуразиялық медиа форум бас директоры Руслан Жемков.

Жалпы, медиа форум 3 күн өтеді. Жиында 7 пленарлық сессия болады. Форум қонақтарын  жаңа пікірталас алаңы, қызықты тақырыптар, мазмұнды әңгіме, спикерлердің танымал шоғыры күтеді. Бұл жолғы aорум "Эволюцияның 15 жылы: әлем өзгерісі мен бізді өзгертуі". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу