22 – 24 мамыр аралығында Алматыда он алтыншы Еуразия медиа форумы өз жұмысын бастайды. 2002 жылдан бері тиімді халықаралық коммуникация алаңына айналған медиа форум әлемнің 60 елінен 500-ден аса делегат жинады, деп хабарлайды spiker.kz.
XVI Еуразия федиа форумы "Бүгінгі әлем: шындық трансформациясы" атауымен өтеді.
Конференцияда әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер көтерілмекші. Күн тәртібінде: жаһандануға қарсы процестер, тұтыну дағдарысының тереңдеуі, халықаралық құқық және жасанды ақыл-ойды пайдаланумен байланысты сын-қатерлер талқыланады.
Сондай-ақ, форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар – цифрлық әлемдегі журналистиканың болашағы мен блогсфера ықпалының артуы тілге тиек етіледі.