XVI Еуразия медиафорумының спикерлері анықталды

984

Форумға 19 елден спикерлер мен еліміздің мемлекет қайраткерлері, айтулы сарапшылар қатысады.

XVI Еуразия медиафорумының спикерлері анықталды

22-24 мамырда Алматыда өтетін XVI Еуразия медиафорумының бағдарламасы жария етілді. Бұл жолғы басқосу "Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?" тақырыбымен өткізіледі. Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар.

Биылғы пленарлық отырыс "Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде", "Тұтыну дағдарысы", "Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?" "АІ дәуірі: адамзаттың құлдырауы әлде гүлденуі?", "Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі", "Блогерлер: виртуалдық әлемнің жаңа рок-жұлдыздары ма?", "Заңсыз-заңды: марихуана қолжетімді!" тақырыптарында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ жиын барысында "Орталық Азиядағы аймақтық интеграция" тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Онда Орталық Азия елдерінің жаңа бірлестігінің болашағына сарапшы көзқарас білдіріледі.

Ұйымдастырушылар форумға 19 елден шетелдік спикер, еліміздің мемлекет қайраткерлері мен айтулы сарапшыларының қатысуын күтуде. Басқосуға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Ресей, Грузия, Польша, Украина, Австрия, Қытай, Эстония, Словения, Сент-Винсент және Гренадин, Ливан, Андорра, Найроби, ОАР, БАӘ өкілдері қатысады.

Спикерлер қатарында:

Томас Хендрик Ильвес (Эстония) – эстон саясаткері,  Эстония президенті (2006 – 2016 жж.)

Роберт Джеймс Вулси – Орталық барлау басқармасының басшысы (1993-1995 жж), қуатты сақтау бойынша сарапшы, Genie Energy Ltd. стратегиялық  кеңесшісі,  Siva Power, Inc. Директорлар кеңесінің мүшесі

Уэйн Кертис Уэлдон (АҚШ) – конгрессмен, Пенсильвания округы атынан республикашыл (1987-2007 жж.)

Анна-Мария Тренева (Ресей) – Ресейдегі Facebook, Instagram және Messenger  аймақтық директоры

Мартин Форд (АҚШ) – Футурист  және "Мәшинелер көтерілісі",  "Зерттеу авторлары - жасанды  ақыл-ойды жасаушылардың шындығы" кітаптарының авторы

Михаил Гусман (Ресей) – журналист, ТАСС бас директорының бірінші орынбасары

Дмитрий Гордон (Украина) – журналист, "Гордон бульвары" газетінің бас редакторы,  "ГОРДОН" интернет-басылымының негізін салушы

Андрес Ильвес (Оңтүстік Африка) – тәуелсіз журналист және "Ilves International" бас директоры

Стивен Коул (Ұлыбритания) –CGTN бағдарламасының авторы және жүргізушісі

Алдағы конференцияда әлемдік және аймақтық деңгейдегі көкейтесті  мәселелер талқыланатын болады. Күн тәртібінде: жаһандану мәселесі, әсіресе өзекті тұтыну дағдарысы, сондай-ақ халықаралық құқық проблемелары мен жасанды ақыл-ойды кеңінен пайдаланудан туындайтын сын-қатерлер бар.

Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар, атап айтқанда, журналистиканың цифрлық дүинедегі келешегі мен блогжүйе ықпалының күшеюі сөз етіледі. 

Еуразия медиафорумының (ЕАМФ) басты мақсаты – Орталық Азиядағы жетекші әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Қазақстан, Еуразия және бүкіл халықаралық қауымдастықты толғандыратын геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың пікірталасына жағдай жасау.

Тіркеу http://eamedia.org/ru/ ресми сайтында 15-мамырға дейін қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу