Ядролық апат орын алуы мүмкін

1290

Ядролық апат орын  алуы мүмкін

АҚШ-тағы Принстон университетінің ғалымдары ядролық реттеу жөніндегі комиссияны ұлттық атом электр станцияларында аса ірі апаттың орын алу ықтималдығын дұрыс талдамағаны үшін, қатаң сынға алды. Бұл туралы slam.kz хабарлайды.

Сарапшылардың пайымдауынша, аталмыш комиссия ел аумағындағы АЭС-тердің көбісі ядролық қалдықтарға жақын орналасқанын жете ескермеген. Қолданыстан шыққан материалдың тез тұтануы қоршаған ортаға радиоактивті залал келтіретіні сөзсіз. Оның салдары жойқын. Мамандардың сөзіне қарағанда, бір ғана АЭС-тегі апат салдарынан болатын тіршілік пен қоршаған оттаға аса қауіпті радиоактивті ластану аумағы Нью-Джерси штатының жер көлемінен де асып кетеді. Жаман айтпай жақсы жоқ, егер ядролық апат орын ала қалса, мұндай жағдайда сегіз миллион адам қауіпсіз аймаққа көшіріледі. Ал экономикалық шығын екі триллион доллардан асып кетеді.  Аталмыш комиссия апаттың алдын алу үшін тиісті шаралар қолдануы керек. Ал аталған тәуелсіз агенттікке бұл олқылықтың орнын толтыруына ядролық өнеркәсіп өкілдері кедергі келтіріп отыр екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу