Ядролық қару қолданатындай Ресейдің есі ауысқан жоқ - Путин

632

Әлемде ядролық қаруды қолдану қаупі артып келеді, бірақ Ресейдің "есі ауысқан жоқ" және оны әлі де тек қорғаныс құралы ретінде қарастыруда. 

Ядролық қару қолданатындай Ресейдің есі ауысқан жоқ - Путин Фото: www.interfax.ru

Бұл туралы Владимир Путин АҚК жаңартылған құрамымен онлайн – кездесуде мәлімдеді.

Бахмут аумағындағы белсенді шайқастар аясында Ресей Президенті нәтижесінде Ресей "жаңа территорияларды" дамыта алатын Украинадағы соғыс "ұзақ процесске" айналуы мүмкін, деп қосты.

"Біздің қорғаныс құралдарын қолдану стратегиямыз жаудың шабуылына жауап ретінде жаппай қырып-жою қаруын, яғни ядролық қаруды қолдану деп білеміз, олардың барлығы кек алу деп аталатын соққының негізінде қарастырылған. Бізге соққы берілгенде, біз жауапсыз қалмаймыз", - деді Владимир Путин.

Сонымен бірге, Олаф Шольцтың пікірінше, Мәскеуге қысымның күшеюіне байланысты ядролық шиеленісу қаупі төмендеді.

Ресей Президентінің мәлімдемесіне қатысты Вашингтон да пікір білдірді:

"Біз ядролық қаруды әңгіме етудің өзі жауапсыз әрекет деп санаймыз. Бұл Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында қол қойған ядролық соғысқа жол бермеу туралы мәлімдемеге, сондай-ақ осы өте қарапайым қағиданы растаған ресейлік шенеуніктердің мәлімдемелеріне қайшы келеді", деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайс.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу