АҚШ-тың әскери әуе күштері қашық радиусқа арналған жаңа қанатты зымыранға тапсырыс беріп, Lockheed Martin және Raytheon компанияларымен келісім-шарт бекітті. Аталмыш келісім-шартқа сәйкес, яғни, жаңа қанатты зымыранды жасауға аталған компаниялардың есеп-шотына 1,8 млрд доллар аударады. Бұл зымырандар ядролық зарядты тасымалдауға қабілетті, деп хабарлайды islam.kz.
АҚШ-тың әскери әуе күштерінің баспасөз қызметінің мәліметінше зымыранның теориясын әзірлеуге 4,5 жылға мұрсат берілген. Екі компанияның әрқайсысы 900 млн доллардан алады. Осыдан кейін билік Lockheed Martin және Raytheon мердігерлерді алып, мыңдаған зымыран жасауға кіріседі. Бұл мақсатта 10 млрд доллар бөлінеді. Жаңа зымыран 2030 жылға дейін дайын болады. Бұл зымыран өткен ғасырдың сексенші жылдар басында жасалған, қазіргі уақытта қолданылып жүрген AGM-86B зымыранын алмастыратын болады.