Ядролық қаруға ие елдер Нобель сыйлығына байкот жариялады

770

Ядролық қаруға ие елдер Нобель сыйлығына байкот жариялады

АҚШ, Ұлыбритания және Франция билігі өздерінің елшілері бейбітшілік саласы бойынша берілетін Нобель сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты шараға қатыспайтынын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды islam.kz.

Бейбітшілік саласы бойынша берілетін Нобель сыйлығы ядролық қарудың жойылуы үшін халықаралық науқанға қатысқандарға тапсырылады. Ядролық қаруға ие тоғыз елден тек Ресей Федерациясы ғана Нобель сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, "ядролық клубқа" ресми мүше емес Израиль де желтоқсан айының 10-ы күні Осло қаласында өткен салтанатты шараға қатысты.

Айта кетсек, ядролық қарудың жойылуы үшін халықаралық науқан (International Campaign to Abolish Nuclear Weapons, ICAN) 2007 жылы Мельбурн қаласында бастау алған болатын. Нәтижесінде Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім-шартқа (Treaty on the Prohibition of Nuclear Weapons, TPNW) өткен жаз мезгілінде қол қойылды. Ядролық қаруды таратпауды және жоюды қарастыратын аталмыш келісім-шартты Біріккен Ұлттар ұйымына мүше 122 мемлекет мақұлдаса да, осы уақытқа дейін тек 53 ел ғана қолдарын қойған. Келісім-шарт кем дегенде 50 мемлекет ратификациялағанда ғана заңды күшіне енеді. Әзірге Гайана, Ватикан және Таиланд қана ратификациялаған.

Бұл келісім-шартқа қолдарын қойғандар қандай жағдай болмасын, ядролық қаруды қолдануға, жасауға және жинауға, сынақтан өткізуге, таратпауға міндетті. Осынау құжатта, сонымен қатар, ядролық қаруды өзге елдің аумағында орналастыруға да қатаң тыйым салу қарастырылған.

Бірден айта кету керек, "ядролық тоғыздық" бұл келіссөзден бірден іргелерін аулақ салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу