Ұзақ жылдар бойы ұйым Хиросима мен Нагасакидегі атом бомбасының құрбандарын еске алу арқылы әлемге ядролық қарудың қауіптілігі туралы айтып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Марапат ұйымға ядролық қарусыз бейбітшілікке қол жеткізуге тырысқаны үшін және ядролық қаруды ешқашан қайта қолдануға болмайтындығы туралы айғақтар көрсеткені үшін берілді.
Нобель комитетінің өкілі сыйлықты жариялай отырып, ядролық державалар қару-жарағын жетілдіріп жатқан кезде аталмыш ұйым қарудан азат әлем үшін күресіп жүргенін атап өтті.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол Нобель комитетінің биылғы шешімі, басқа себептерді есепке алмағанда, негізінен Ресей тарапынан ядролық қаруды қолдану қаупінен туындағанын атап өтті.