Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін белгілеуге Қазақстан бастамашы болған

1012

Қазақстан президенті Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті.

Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін белгілеуге Қазақстан бастамашы болған

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні өтіп отырғанына тоқталып, бұл күнді белгілеуге Қазақстанның бастамашы болғанын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Бәрі де 1991 жылғы 29 тамызда әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының жабылуынан басталған болатын. Содан кейін Невадада және басқа да полигондарда сынақтар тоқтатылды. Біз ядролық қару-жарақтан бас тарттық және соның арқасында антиядролық қозғалыс көшбасшыларының қатарына қосылдық", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Лассина Зербо Қазақстан президентімен кездесудің осы күні өтуінің символдық мәнін атап өтіп, өзі жетекшілік ететін ұйымның жер бетіндегі ядролық сынақтарға қарсы тұру және бейбітшілікті сақтау жолында күш жұмылдыра беретінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы кездесу соңында Қазақстанның антиядролық бастамаларына үнемі атсалысып жүргені үшін Л.Зербоға алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу