Құрлыққа шыққаннан бірнеше күн өткен соң, Яги тайфунынан Вьетнамды 200-ге жуық адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты VNExpress-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, су тасқыны мен көшкін салдарынан 197 адам қаза тауып, 800-ден астамы жарақат алған.
Бұрын хабар-ошарсыз кеткен Хо Вонг ауылының тұрғындары тауда табылды. Түнде олар көшкін жақындап қалды деп күдіктеніп, тауға қашуға мәжбүр болған. Провинция билігі оларға азық-түлік жеткізудің жолын іздеп жатыр.
Сейсенбіде су тасқыны Вьетнамның солтүстігіндегі Лаокай провинциясындағы бүкіл Ланг Ну ауылын шайып кетті. Сәрсенбі күні таңертең құтқарушылар тірі қалғандарды құрлыққа шығарды, бірақ ауылдың 53 тұрғыны хабар-ошарсыз кетті.