Яхта, кафе, ат қора: Сенатор ұлттық компаниялардың активінде не барын айтты

1180

Оның пікірінше, квазимемлекеттік сектордағы активтер тиімсіз пайдаланылып жатыр.  

Яхта, кафе, ат қора: Сенатор ұлттық компаниялардың активінде не барын айтты

Сенат депутаты Ольга Перепечина ұлттық компаниялардың активінде яхта, спорттық-сауықтыру кешені, кафе, қонақ үй, ат қора барын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның пікірінше, квазимемлекеттік сектордағы активтер тиімсіз басқарылған.

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің теңгерімінде бейінді емес активтердің (моторлы яхта, шаңғы трассалары бар спорттық-сауықтыру кешені, кафе, қонақ үй, атқора және басқа да инфрақұрылымның) болуына қатысты мәселелер бар. Олар коммерциялық пайда әкелмейді. Оларды сатып алу және күтіп-ұстау шығын болып тұр", - деді Ольга Перепечина.

Сенат депутаты компаниялардың жекелеген жобаларға салған инвестицияның нәтижесі төмен екенін атап өтті.

"Мысалы, "Қазақстан темір жолында" ақталмайтын жобалар барлық іске асырылған жобаның 75%-ына тең: 16 жобаның 12-сі. Штатта тиісті мамандар болғанына қарамастан консультация алу үшін басқа ұйымдардың қызметін пайдалану тәжірибесі бар. Консультаттың ставкасын және басқа да шығындарды есептеу бойынша бірыңғай әдістеме жоқ", - деді сенатор.

Ольга Перепечина мұндай әкімшілік шығынның лимитін анықтау керегін жеткізді. Ол бәсекеге қабілеттілік, рентабельділік және қаржылық тұрақтылыққа баса назар аудара отырып, портфельді басқару мәселесінде квазимемлекеттік сектордың тиімділігін бағалау әдісін енгізу керек деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу