ЯК-12 ұшақтарын пайдалану уақытша тоқтатылды

965

ЯК-12 ұшақтарын пайдалану уақытша тоқтатылды

Алматы облысы Панфилов ауданындағы  "ТАК Қазавиа" ЖШС-не қарасты ЯК-12 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті тергеу аяқталғанша Қазақстан аумағында ЯК-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Аталмыш оқиға бойынша тергеу амалдарын бастаған Өкілетті орган ҚР ИДМ-нің көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 27 шілдесінде ЯК-12 ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 2 адам қаза тапты. Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды атқарып жүрген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу