Якутияда аяз 60 градусқа таяп қалды

649

5 желтоқсан күні таңда мұнда ең төменгі ауа температурасы -57 градусқа дейін жетті. 

Якутияда аяз 60 градусқа таяп қалды Фото: pixabay.com

Саха Якутия Республикасында аяз 60 градусқа таяп қалды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ЯСИА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың Оймякон өңірі әдеттегідей ең суық елді мекен болып қалды. 5 желтоқсан күні таңда мұнда Якутиядағы ең төменгі ауа температурасы -57 градусқа дейін жетті.

Ал Амгада температура -53, Ытык-Кюель, Чурапче, Хабардино, Жылы қайнар мен Батамайда термометр бағаны -52 градусты көрсетті.

Сонымен қатар, Намцы, Усть-Нер, Верхневилюйск, Усть-Моме, Крест-Хальджа мен Покровскі елді мекендерінде басқа аймақтарға қарағанда күн сәл жылылау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу