Якутияда орман өртеніп жатыр

172

Жалын 631 мың гектар алқапты шарпыды.

Якутияда орман өртеніп жатыр Фото: aviales.ru

Якутияда 100 табиғи өрт тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс"-қа сілтеме жасап.

"Бір тәулікте 56,9 мың га алаңда төрт өрт жойылып, тоғыз өрт оқшауландырылды. Өртті сөндіруге 1 765 адам және 191 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі елдімекендердің маңында тіркелген алты табиғи өртті ерекше бақылауына алды.

Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, түтін Алдан, Нам, Вилюйск, Нюрбинск, Олекмин, Сунтарь, Лена, Вильюйск аудандарының 49 елдімекенінде байқалады.

Айта кету керек, Якутияда өрт қауіпті маусым 6 мамырдан басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу